Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Қазақтың ақындары

Қазақтың ақындары

“Қазақтың ақындары” – Қазақстанның ашық кітапханасы қолға алған бұрын-соңды болмаған бірегей аудиожоба. Ұлт ақындары жүрегін жарып шыққан таңдаулы жырларын өздері оқып, қалың оқырманымен жаңаша сипатта қауышқалы отыр. Автордың тебіренісін тыңдап, қасиетті өлеңнің құдіретін сезінеріңіз хақ.

Қазақ халқының басынан өткен қилы кезеңдер мен тағылымды тарих, сырлы сезімдер мен жан күйзелістері қашан да ақындарымыздың жырларынан танылған. Олардың мұрасы – ұлтымыздың жылнамасы іспетті. Ақындар қазақтың азат күнін жақындатты. Олардың көкейінен төгілген әр өлең тіліміз бен ділімізді түлетіп, еркіндік туралы арманымызды сөндірмеді. Сондықтан, ел болып егемендіктің қасиетін сезінгенде, ақындарымызды құрмет тұтуымыз заңды.

Ұлттық дүниетанымымыздан ойып тұрып орын алған арқалы ақындарымыздың бұл аудио антологиясы шынайы тыңдаушыларын табады деп сенеміз!

Жүрсін Ерман

Жүрсін ақынның «Арайлы күн, армы­сың», «Ұлытауға бардың ба?», «Сізге арна­дым», «Құдіретке жүгіну», «Құстың көлең­кесі» атты шығармалары сөз қадірін білетін, сөз патшасының тамырына дейін талдап, жүрегін баураған жолдардың астын сызатын қызыл қарындаш іздейтін, соңында сол шумақтарды дәл бір өзі жазғандай рахат сезімге оранатын оқырмандары, құдайға шүкір бар, шын мәніндегі жыр-толғам­дар.

Фариза Оңғарсынова

 

 

Loading player...

Әділғазы Қайырбеков

Өз әлемі  әбден қалыптасқан, ауа рай атмосферасы бұзылмастай боп берік түзілген ақындарымыздың бірі, сөз жоқ, Әділғазы Қайырбеков.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       Темірхан Медетбек

 

 

 

Loading player...

Шөмішбай Сариев

Шөмішбай Сариев – поэзиямызға  70-ші жылдары келген бір топ талантты ақындардың ортасында өз өлең өрнегі, өз  дауысы «ә» дегенде белгілі болған ақындардың бірі. 

                                                    Ғафу Қайырбеков

Loading player...

Биғайша Медеуова

Биғайша - терең тәрбиелі, жүрегінен от шашып тұрған ақын қыз. Оның өлең дүниесіне олжа салатын айтулы ақындардың қатарында жүретініне сенемін.

                                                                                                                                Тұманбай Молдағалиев

Loading player...

Оразақын Асқар

Оразақынның ақындық ерекшелігі тілінде, табиғи ажар, еркіндік, нақтылық пен жинақылық, ашық сурет бар. Оның қазақ поэзиясында өз жолы бар, ол жолды көмескілемейтін, аспайтын, саспайтын, өзін-өзі жұрт көзіне баспайтын, үгіттемейтін, баяу болғанымен терең ағысты, ойлы творчествосы бар талантты ақын.

Ғафу Қайырбеков

Loading player...

Өтеген Күмісбаев

Көп нәрсе керек емес бұл адамға,

Азырақ сүйеу керек құлағанда.

Қол керек, қажеті не орамалдың,

Көзінің жасын сүртіп жылағанда?!.

                                 

                                                Өтеген Күмісбаев

Loading player...

Исраил Сапарбай

Көлге бауырын төсеген

Аққуым да - осы Өлең.

Көгергенде көсегем,

Шаттығым да - осы Өлең...

Исраил Сапарбай

Loading player...

Ақұштап Бақтыгереева

...Ол өзін әрі ана, әрі ақын сезінеді. Өйткені, осынау екі қасиетті құдірет Бақтыгерееваның басында біртұтас дүниеге айналған.

Қадыр Мырза Әлі

Loading player...

Ұлықбек Есдәулет

«Табиғатпен тамырластығымыз, жаратылыспен жандостығымызды жазатайым үзіп алмай, мынау урбанизация және жаһандау заманының заһарлы зардабынан сақтана біліп, ежелгі ұлттық ізгі дәстүрлерімізді дәріптей жалғастыра беруімізді өз өркениетіне өзекті тенденция етіп ұстануы  Ұлықбекті оның құрбы-құрдас, үзеңгілес қаламгерлердің көбінен ерекшелендіріп, озық көрсететінін көлегейлемей ашып айтқан абзал. Осы арманы жолында туған халқын таудай көтере отырып, ара-тұра ұлттың басындағы олқылықтарды, кемшіліктерді уытты тіл найзасымен түйреп-түйреп алады».

Мұзафар Әлімбаев

Loading player...

Жадыра Дәрібаева

Күйттемей күйбеңін басымның

Шашу боп жақсыға шашылдым.

Шаншу боп қадалып жаманға

Бір ысып, бір суып басылдым...

                     Жадыра Дәрібаева

Loading player...

Темірхан Медетбек

"Өлеңдерiмен де, өмiрiмен де қазақ азаматы үшiн қазақ даласының қай түкпiрi де өз ауылы, қазақ баласының қай тумасы да өз бауыры екендiгiн мейлiнше дәлелдеп бере алды. Темiрхан – тәуелсiздiктi жан-тәнiмен қабылдап, жан-тәнiмен жырлап келе жатқан, қарынының ашқанына емес, қауымынан қасиет қашқанына қайғыратын, елдiктiң мәселесiнде күнi кешегi таңдайындағы азды-кем тәттiнi аңсайтын еркенiң емес, бәз-баяғыдан маңдайы ашылмай келген халқының жолының мұнша неге қатты болғанына шамырқанған еркектiң сөзiн сөйлеп, дәйiм iрi турап келе жатқан арқалы ақын. Бұл үшiн де от пен судан өткен, талай нәрсенiң шын бағасына жеткен салиқалы азамат бола алу керек едi".

Әбіш Кекілбайұлы
Loading player...