Рауан Кенжеханұлы

Бұған дейін Рауан Кенжеханұлы Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі ретінде мемлекеттік қызмет және Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз-хатшысы ретінде дипломатиялық қызмет атқарған. Одан ертерек «Хабар» арнасының экономикалық шолушысы, арнаның Ресейдегі меншікті тілшісі ретінде журналист болған. 

Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалының басшысы және Ұлттық Пікір-Сайыс Орталығының үйлестірушісі болып жұмыс істеген. «Азамат» жастар интеллектуалдық клубының негізін қалаған.

Алматыдағы Абай атындағы университетінің халықаралық қатынастар факультетін, Мәскеудегі мемлекеттік басқару және халық шаруашылығы академиясының бизнес мектебін (MBA) тамамдаған.

Бертінде, АҚШ-тағы Гарвард университеті «Weatherhead» халықаралық қатынастар орталығының Fellows бағдарламасынан өткен.

2012 жылдың қазанынан бастап Рауан WikiBilim қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрғасы ретінде әрекет етеді. 

2014 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың тамызы аралығында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап "Bilim Media Group" ЖШС директоры.

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

Исламбек Төлеубайұлы Салжанов

"Алтын Қыран" компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры, кәсіпкер және меценат. "Altyn Kyran" халықаралық қайырымдылық қорының Президенті. Қазақстан Кәсіпкерлер Палатасының Президиум мүшесі, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы.

1993 – 1997 Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институты, «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша. Экономист.

2003 – 2005 Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының Бизнес және іскерлік әкімшілік институты, Мәскеу қ., «Маркетинг және сауданы басқару» мамандығы бойынша, МВА дипломы

2011 – 2012 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі, Дьюк Университетінің (АҚШ) Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебімен серіктес.

1993 – 1998 «Мақсат Капитал» ШЖК-ның құрылтайшысы және директоры, Ақтөбе қ. (делдалдық қызмет және мұнай өнімдерінің көтерме саудасы)

1998 – 2000 «AKZHOL» қазақстан-герман бірлескен кәсіпорнының тең құрылтайшысы және директоры, (Батыс Қазақстанда ЖҚС желісін және терминалдың құрылысын жүргізу және оны іске қосу)

2000 – 2001 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Казахойл-Продактс» ЖШС-нің директоры

2001 – 2004 «AKZHOL» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры, Актөбе қ.

2004 – осы уақытқа дейін «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры, Астана, Ақтау және Атырау қалалары.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметіндегі жетістіктері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар достығы мен ынтымақтастығының нығаюына қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің Жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған;

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»медалімен марапатталған;

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған;

Жыл сайын берілетін «Алтын жүрек» Ұлттық Қоғамдық Сыйлығының 2011 жылғы «Жыл компаниясы» номинациясының жеңімпазы;

ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынатын «Білім Меценаты – 2012» алтын медалінің иегері;

Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері - 2012» (Entrepreneur Of The Year Award) халықаралық байқауының «Экономикалық интеграцияны дамыту» аталымы бойынша жеңімпазы.

Отарбаева Бахытнұр Зейноллақызы

Бахытнұр Зейноллақызы – тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы, Халықаралық Бизнес Академиясының профессоры.

1980 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіргеннен кейін еңбек жолын осы оқу орнында зерттеуші-ассистент болып бастайды. 

1990 жылы өзінің кандидаттық диссертациясын қорғаған соң  Алматы мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып қызмет етті.

1994 жылы АҚШ сенаторы Фулбрайт стипендиясымен Индиана университетінде қонақ профессор ретінде тәжірибеден өтті.

1996 жылы Вудро Уилсон Халықаралық орталығындағы Кеннан Институтында зерттеуші ғалым болды.

1997 жылдан бері «Ұлттық пікірсайыс орталығы» қоғамдық қорын басқарып келеді. Пікірсайыс бағдарламасы Қазақстан жастары арасында беделді зияткерлік білім беру технологиясына айналды.

2007 жылы Қазақ экономикалық университетінде проректор қызметін атқарды.  

2010 жылы «Қазақстан Республикасында әлеуметтік серіктестікті қалыптастыру» тақырыбында политологиядан докторлық диссертация қорғады. 

2012 жылы JFDP грантын жеңіп алып, АҚШ-тағы Индиана Университетіне оқытушы болып шақырылды.

Қазіргі уақытта Бақытнұр Отарбаева Халықаралық Бизнес Академиясында Жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті болып жұмыс істейді және ҮЕҰ Сараптама Орталығын басқарады.

Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік, мемлекет, азаматтық қоғам және бизнес арасындағы қарым-қатынас тақырыбында ғылыми еңбектері бар. 

Ғалым Жайлыбай

1958 жылы 9 ақпанда Қа­ра­ғанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылында туған. Ұзақ жыл ауылда шо­пан, жылқышы болып жұмыс істеген. Аудандық, облыстық басылымдарда қызметте бол­ған.

1993 жылы Қазақтың ме­неджмент, экономика жә­не болжау институтын әлеу­мет­танушы мамандығы бойын­ша бітір­ген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министр­лігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған. “Жұлдыз” журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының орынбасары, «Қазақ радиосының» Бас редакторы болып қызмет еткен. 2007 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.

“Жанымның жапырақтары” (1988), “Жүрегімнің жұлдызы” (1966), “Құс қанаты” (2001), «Қарашығымдағы қара өлең» (2006), «Ардакүрең» (2008), «Тобылғыжарған» (2011) атты жыр кітаптарының, «Тағдырымның тамыры» (2008) әдеби мақалалар жинағының авторы. Өлеңдері орыс, украин, түрік, қырғыз, тағы басқа халықтар тілдеріне аударылған. Қытай Халық Республикасының Күйтің қаласынан шыққан қазақ ақындарының “Сүмбіле” атты жыр жинағына өлеңдері енген.

Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты (1999). «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақ ақындары жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Түркияның Сапанша қаласында өткен (2001) халықаралық жыр мерекесінде “Ақшам жұлдызы” арнайы сыйлығын иеленген. Ресей Халықаралық Жазушылар ұйымының С.Есенин атындағы алтын медалінің және «Құрмет» орденінің иегері (2009). 

Ашим Нартай Қасымжанұлы

2005 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша бітірген (инженер-механик).

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша Шотландияның Абердин қаласындағы Роберт Гордон университетінің магистратурасында оқиды. Техника ғылымдарының магистрі. 

2002-2005 жылдары “Ұлттық пікір-сайыс орталығы” қоғамдық қорында студенттік бағдарлама үйлестірушісі және “Хабар” агенттігінде “Азамат” телебағдарламасының редакторы ретінде қызмет етті. 

2008-2011 жылдар аралығында Маңғыстау облысында “Қарақұдықмұнай” компаниясында қызмет етті. 

2011 жылы біт топ энтузиаст достарымен бірге "WikiBilim" қоғамдық қорының негізін қалаған.

2011 жылдан бері Қазақ ұлттық техникалық университетінің мұнай және газ институтында оқытушы.

2012 жылдың қазан айы мен 2013 жылдың сәуір аралығында WikiBilim қоғамдық қорының президенті.   

2013 жылдың сәуірі мен 2015 жылдың қаңтарына дейін "Қазконтент" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары және "WIkiBilim" қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі. 

2015 жылдың қаңтарынан бастап "Bilim Media Group" ЖШС басқарушы директоры. 

E-mail: nartay.ashim@gmail.com

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section