Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Әбу Сәрсенбаев. Өлеңдері

Әбу Сәрсенбаев. Өлеңдері
Loading player...

Әбу Сәрсенбаев (1905 жылы 15 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ботақан ауылы  – 1995 жылы 25 қарашада Алматы)  – ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (1996). Ұлы Отан соғысының ардагері. Парасат орденінің иегері. Астрахандағы кеңес-партия (1929) мектебін бітірген. Алматыдағы жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы (1934) мектебін бітірген. 1942-1947 ж. Кеңес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Темір жолшы» газетінде (1934-1936) редактор, Қазақтың мемлекеттік біріккен баспасында (1936-1942) директор, бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының (1947-1953) директоры, Жазушылар одағында кеңесші (1953-1958) болды.

Ә.Сарсенбаев әдебиетке 30-жылдардың орта тұсында араласа бастады. «Жүрек сыйы» (1938), «Ант» (1939) жыр жинақтары оның ақындық карымын танытты. «Туған өлке» (1948), «Махаббат жыры» (1949), «Отан таңы» атты кітаптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы еңбек қаһармандарының бейнесін жасауға арналған. Оның шығармашылығында Отан қорғау, патриоттық тақырыбы ерекше орын алады. «Ақша бұлт» (1947) жыр жинағына ақын майданда жазған жырларын топтайды.

Әр жылдарда жарық көрген : «Сенің бақытыңды қорғағандар» (1950), «Офицер күнделігі» (1960), «Жауынгер монологі» (1972), «Батырлардың ізімен» (1974) прозалық кітаптарында Ұлы Отан соғысы тақырыбына, кеңес адамдарының ерлігін, патриоттық тұлғасын бейнеледі.

«Ақмаралдың жүрегі» (1940) атты алғашқы поэмасына Қазан революциясына дейінгі қазақ әйелінің қиын тағдыры арқау болған. «Намыс ұлы» (1943), «Шие ағашы» (1943) поэмаларында кеңес адамдарының ерлік, патриоттығы жырланды. «Ұлым туралы ой» (1948), «Миллиардтың ізімен» (1957), «Жас коммунист туралы жыр» (1959), «Жазылмаған дастан» (1961), «Отыз үшінші көктем» (1975) атты поэмалары сол кездегі замандастар өміріне арналған.

Ә.Сарсенбаевтың прозалық шығармаларының ішінде байырғы қазақ балықшы-жұмысшыларының ауыр тіршілігін шыншылдықпен бейнелейтін «Толқында туғандар» (1953), Каспий теңізшілерінің еңбегіне, өміріне арналған «Теңіз әуендері» (1969) романдарының орны ерекше.

5 томдық шығармалар жинағы (1980-1985), «Ұстаздар мен тұстастар» (1986) дастандар топтамасы, «Қасиетті махаббат» (1987) кітаптары жарық көрді.

«Арбасу» (Қ. Жұмалиевпен бірігіп, 1948), «Теңіз махаббаты» (1975) пьесаларының, сондай-ақ мектеп оқулықтарының авторы. А. Пушкин, М.Лермонтов, Ш. Петефи т. б. көптеген жырларын қазақ тіліне аударды.

Бұл – Қазақстанның ашық кітапханасы мен ҚР Ұлттық кітапханасының бірлескен жобасы. Кітапхананың Өнер бөлімінде ХХ ғасырдың басынан бері Қазақстанға қатысты жарық көрген грампластинкалар толық  сақталған.  Құнды аудиоматериалдар осы жоба аясында kitap.kz сайты арқылы оқырмандарға тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Грампластинканың толық мазмұны және ҚР Ұлттық кітапханасындағы каталогтік нөмірі төменде көрсетілген.

Н/478 Поэты Казахстана читают свои стихи

МУЗАФАР АЛИМБАЕВ

Достар

Сен жонинде

Кырык жас

Акын

Умыта жаздасан

Ертиске

Менен де жасы кишилер

Ана

 

АБУ САРСЕНБАЕВ

Украина туни

Солдат

Гуль

Жалгыз емен

Сен хурметте оны

Жас шыбыктар

Жиендериме

Арганатты аулына

Жырларым

 2 сторона

Пікір қалдыру үшін, сайтқа тіркеліп, кіру керек.