Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік
Мәжит Дәулетбаев

Мәжит Дәулетбаев

               Мен Мәжитпен дос болып, ылғи үйіне барып жүретінмін; кейде ол мені алып кететін. Содан былай Мәжитпен дос болып, пікірлесіп кеттік. Қызылжарда, Алматыда жүргенде де бір-бірімізден қол үзбей араласып тұрдық.

            Мәжит орыс, татар тілдерін де, сондай-ақ түрік тілін де жақсы білетін. Ал Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Абай, Ғафури өлеңдерін жатқа айтатын.

            Мұнымен қатар артистік қабілеті де күшті болатын. Ол Москвада оқып жүргенде, «Темір қазық» журналына қазақ артисі Мәжит Дәулетбаев деп қол қойып мақалалар жазып жүрді.

            Мінезі өткір, адал болатынды; өсек-аяң, ғайбат дегенді білмейтін-ді.

         Ол қатардағы ақын-жазушы, журналист қана емес, шебер аударушы да еді. Өзінің тура, әділ мінезімен жолдас-жоралары арасында қадірменді болатын.

Жақан Сыздықов

4 Кітап