Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Мырзагелді Кемел. "Мемлекет және кәсіпкерлік"

«Мемлекет және кәсіпкерлік» пәні Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының теориялық-әдіснамалық және ұйымдық-құқықтық мәселелерін, нарық қатынастары жағдайында экономиканы мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын ұйымдастыруды реттеуге қатысты түсініктер беруге арналған.

Нарықтық экономика жағдайына лайық мамандарды дайындау, олардың нарық заңдары мен талаптарына сәйкес келетін пәндер бойынша білім алуы арқылы жасалуы тиіс.

«Мемлекет және кәсіпкерлік» пәнін оқыту қажеттілігі тыңдаушының мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасы мәселелері бойынша жеткілікті білім алу және осының негізінде осы қатынастарды шешуге барынша тиімді тәсілдер мен құралдарды таңдауға қол жеткізу себепті туындаған.

Ұсынылып отырған оқу құралы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама аясында дайындалып, «Мемлекет және кәсіпкерлік» пәнін бүгінгі заманға лайықтап игеруге бағытталған.

Бұл пәнді оқыту алдында тыңдаушылар «Экономикалық теория», «Макроэкономика», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі», «Менеджмент» пәндерін оқуы тиіс.

Оқу құралы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика» мамандықтарының студенттеріне, магистранттар мен оқытушылық құрамға арналған.

Пікір қалдыру үшін, сайтқа тіркеліп, кіру керек.