Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Wikpedia-ның негізін қалаушымен кездесті

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Wikpedia-ның негізін қалаушымен кездесті

Қазақстан делегациясы Гонконг қаласында өткен жыл сайын ұйымдастырылатын “Wikimania 2013” конференция қатысты.

Осы жылғы конференция жұмысына 100-ден аса елден келген 1000-нан астам ғалымдар, сарапшылар және энтузиасттар жиналды. Конференция қатысушылары қазақстандық делегацияға ең үлкен және ерекше делегация ретінде айрықша құрмет көрсетті. Қазақстандықтардың негізгі бөлігін Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі Вики-клубтың белсенді мүшелері құрады. “Wikipedia клубы” жобасының мақсаты оқушыларға мақала жазу мен өңдеу дағдыларын үйрету, академиялық әділеттілік пен жауапкершілік принциптеріне сүйене отырып, оқушыларды шығармашылыққа және зерттеу жұмысына баулу.

Конференция шеңберінде қазақстандық делегация Wikipedia энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уэйлспен кездесті. Ол оқушыларға Wikipedia-ның және өзге де ақпарат пен білімді еркін таратуға бағытталған жобалардың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы баяндап берді. Джимми Уэйлс оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ғаламдық энциклопедияның қазақтілді тарауын дамытудағы белсенді әрі үйлесімді жұмыстары үшін қазақстандық қауымдастықа өз алғысын білдірді. Джимбоның (вики-қауымдастықта оны солай атайды) қызығушылығын мектептерде вики-клубтар құру тәжірибесі тудырды. Сонымен қатар, ол өзінің Қазақстанға келу жоспары әлі де болса өз күшінде екенін жеткізді.

Wikipedia - әлемнің үздік он интернет-брендінің қатарына кіретін жалғыз коммерциялық емес онлайн-ресурс. Бұл интернеттің әлеуметтік желі ретінде үлкен күшке ие екендігін паш еткен алғашқы интеллектуалды жоба. Қазіргі таңда Wikipedia әлемнің 287 тілінде жұмыс істейді және онда 28 миллионнан аса мақала бар. Ағылшын тілінде 4 миллионнан аса мақала жазылған.

Wikimania – бұл түрлі вики-жобалардағы ниеттес қатысушылардың тәжірибе алмасу, презентациялар өткізу, жобалар туралы баяндама жасау және жаңа байланыстар орнату мақсатында бас қосатын ғылыми конференциясы. Конференция қатысушылары еркін әрі ашық бағдарламалаудан бастап, білім мен Wiki-жобаларды әлем бойынша еркін таратуға бағытталған бастамаларға дейінгі аралықтағы ауқымды мәселелерді талқылауға мүмкіндік алады.

Wikibilim ҚҚ – Wikipeda-ның қазақ тіліндегі мақалалар саны мен сапасын арттыруға және онлайн энциклопедияның белсенді қауымдастығы мен редакторларын қалыптастыруға бағытталған “Қазақша Wikipedia” жобасының бастамашы.

Жоба басталғалы бері қазақша Wikipedia-дағы мақалалар саны 7 000-нан 203 000-ға дейін, ал ай сайын қаралатын беттердің саны 200 000-нан 10 000 000-ға дейін өсті.          

“WikiBilim” қоғамдық қоры 

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section