Google аудармашы жүйесіндегі қазақ тілінің аударма сапасын тестілеу ұлттық кампаниясы басталды

Google аудармашы жүйесіндегі қазақ тілінің аударма сапасын
тестілеу ұлттық кампаниясы басталды

«Google Translate» (Гугл аудармашы) аударма қызметіне қазақ тілін қосу жобасы «WikiBilim» қоғамдық қоры жүзе асырып жатқан қазақтілді интернетті дамыту бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Жоба «Beeline Қазақстан» компаниясының қолдауымен жүзеге асуда.

2012 жылдың көктемінде аталмыш бастамға аудармашы қызметін дамытумен айналысатын «Google» командасы қолдау білдіретінгі жөнінде келісімге қол жеткізілген болатын. «Google» онлайн аударма қызметі статикалық аударма жүйесіне негізделген. Жаңа тілдің жүйеге енгізілуі үшін жүйеге енген тілдерден енгізілгелі тұрған тілге дәлме-дәл аударылған үлкен көлемдегі мәтіндер қажет. Әдетте, бұл шаруамен жаңа тілдің жүйеге енуіне мүдделі еріктілер айналысады. «Google» өз тарапынан қажет құралдармен қамтамасыз етіп, техникалық қолдау көрсетеді.

Бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде «Google» компаниясы қазақ тіліндегі аударма сапасын жақсарту және қазақ тілін аударма қызметіне толыққанды қосу мақсатында қазақ тілінің аудармасын тесттік режимде қосып, қазақ және ағылшын тілдерін білетін қолданушылардан аударма сапасына баға беруді сұраған.

Осыған орай жоба бастамашылары тіл жанашырларын тесттік нұсқадағы аудармалардың сапасына баға беруге шақырады. Ол үшін келесі сілтемеге өту керек: https://translate.google.com/about/intl/en_ALL/volunteer/kazakh.html. Сізге өзіңіздің таңдауыңыз бойынша қазақ тілінен ағылшын тіліне немесе керісінше жасалған қысқаша сөйлемдердің аудармасына баға беру ұсынылады. «Өте жақсы», «Жақсы», «Қанағаттандырарлық» немесе «Нашар» деген белгілерді басу арқылы ұсынылған аудармаларға баға бере аласыз. Бір сөйлемге баға беру Сіздің бір минутыңызды да алмайды. Өзіңіздің шамаңызға қарай, мүмкіндігінше көп сөйлемдердің аудармалармаларына баға беруге тырысыңыз. Бұл қазақ тілін жүйеге тез қосуға және аудармалардың сапасын жақсартуға көмектеседі. Аудармаларға баға беру бетіне «WikiBilim» қорының ресми сайтындағы сілтеме арқылы өтуге болады.

Аудармалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Beeline Қазақстан» компаниясы үш ай көлемінде аударма сапасына баға берумен айналысатын кәсіби аудармашылар командасының еңбекақысын грант түрінде төлеуге шешім қабылдады. Жоба бастамашылары аталмыш шаралар «Google Translate» қызметіне қазақ тілін қосу процесін жылдамдатуға мүмкіндік беретініне үміттенеді.

«Beeline компаниясы «Google Translate+Kazakh» жобасының басталғалы серіктесі болып табылады. Біз қазақ тілінің ғаламдық онлайн аудармашыға қосылуы интернеттегі қазақтілді мазмұнды және білім беруді дамытуға үлкен серпін береріне сенімдіміз. Серіктестік аясында Beeline компаниясының мобильді және «Үйдегі Интернет» қызметін пайдаланушылары өткен жылдан бастап Google Translate-ке тұрақты түрде тегін кіре алады. Осының арқасында Beeline-ның әрбір абоненті Google Translate қызметінде жұмыс істеп, аталмыш жобаға өз үлесін қосуға мүмкіндік алды. Біз ЖОО-ларда жүйеге мәтіндерді қалай дұрыс енгізу керектігін егжей-тегжейлі үйрететін презентациялар ұйымдастырдық. Сарапшы-аудармашылардың еңбекақысын төлеуге арналған гранттардың бөлінуі – бұл «Beeline Қазақстанның» «Google Translate+Kazakh» жобасын қолдауының кезекті қадамы. Сондай-ақ, қазақ тілінің ғаламдық аударма қызметіне қосылуының ауылы алыс емес екендігі бізді қуантады», - деді Beeline Қазақстанның Әлеуметтік жобалар бойынша менеджері Анар Жұмағұлова.

Анықтама:

Google аудармашы қалай жұмыс істейді? 

Google аудармашы сапалы аударма ұсыну үшін жүздеген миллион құжаттар ішінен үлгілер іздейді. Аударылған құжаттар ішінен қажет үлгілерді тапқан жағдайда, Google сәйкес аударманы таңдау үшін инттелектуалды болжам жасай алады. Google-ға сараптама ретінде адамдар аударып берген мәтіндер қаншалықты көп болса, машиналық аударманың сапасы да соншалықты жоғары болады.

Сервиске жаңа тілді қосу үшін көп көлемде өзара дәлме-дәл аударылған сөйлемдердің жұптары қажет. Аударуға арналған материал MS Word файлы ретінде және Википедиадағы мақала түрінде Google Translate жүйесіне жүктеледі. Сервистің тесттік режимде жұмыс істей бастауы өзге тілдерде баламасы бар Википедианың қазақтілді тарауындағы мақалалар санының артуының нәтижесінде мүмкін болды.

Бұл не үшін қажет?

Сервис интернеттегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етеді. Мәтіндерді, құжаттарды және сайттарды әлемдік тілдерден қазақ тіліне және кері аударуға мүмкіндік береді.

Бұл жобалардың қатарында «Қазақша Википедиа», «Қазақстанның ашық кітапханасы» (www.Kitap.kz), «Creative Commons» ашық лицензияларын насихаттау, TED лекцияларын аудару мен Қазақстанда тарату және өзге де ғаламдық онлайн платформалар мен сервистерін қазақ тілінде еркін таратуға бағытталған жобалар бар.

"WikiBilim" қоғамдық қоры

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section