Қазақ тілі Google translate жүйесіне қосылды

Қазақ тілі Google аудармашы жүйесіне қосылды

 «WikiBilim» қоғамдық қоры жүзеге асырған жоба нәтижесінде қазақ тілі «Google Translate» (Гугл аудармашы) жүйесіне енді. Қазіргі уақытта Google жүйесінде 90 тіл қолжетімді болды.  «Google» компаниясымен бірге атқарылған жұмыс нәтижесінде қазақ тілінен басқа тілдерге және керісінше аударма жасау мүмкіндігі ашылды. Жоба «Beeline Қазақстан» компаниясының қолдауымен жүзеге асты.

Жоба 2 жылдан астам уақытқа созылды. Жоба аясында тіл мамандары, еріктілер, «Google» командасының мамандары өзара тығыз жұмыс атқарды. Қазірдің өзінде Қазақстанда қызметті күнде 200 000-нан астам адам пайдаланады. «Google Translate+Kazakh» жобасының сәтті орындалуы қазақ тілінің ғаламдық онлайн аудармашыға қосылуы интернеттегі қазақтілді мазмұнды және білім беруді дамытуға үлкен серпін береріне сенімдіміз.

Жұмыс әлі де болса аяқталмайды. Ендіге кезекте жүйедегі аударма сапасын арттыру мақсаты қойылып отыр. Ол үшін кез-келген ерікті адам өзінің қол ұшын бере алады. Қазақ тіліндегі аударманы дамыту жолдары туралы қосымша ақпарат алуға болады. Сондай-ақ қазақ тілінде айтылған ауызша мәтінді түсіну жүйесін дамыту бағыты бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Анықтама:

Google аудармашы қалай жұмыс істейді? 

Google аудармашы сапалы аударма ұсыну үшін жүздеген миллион құжаттар ішінен үлгілер іздейді. Аударылған құжаттар ішінен қажет үлгілерді тапқан жағдайда, Google сәйкес аударманы таңдау үшін инттелектуалды болжам жасай алады. Google-ға сараптама ретінде адамдар аударып берген мәтіндер қаншалықты көп болса, машиналық аударманың сапасы да соншалықты жоғары болады.

Сервиске жаңа тілді қосу үшін көп көлемде өзара дәлме-дәл аударылған сөйлемдердің жұптары қажет. Аударуға арналған материал MS Word файлы ретінде және Википедиадағы мақала түрінде Google Translate жүйесіне жүктеледі. Сервистің тесттік режимде жұмыс істей бастауы өзге тілдерде баламасы бар Википедианың қазақтілді тарауындағы мақалалар санының артуының нәтижесінде мүмкін болды.

Бұл не үшін қажет?

Сервис интернеттегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етеді. Мәтіндерді, құжаттарды және сайттарды әлемдік тілдерден қазақ тіліне және кері аударуға мүмкіндік береді.

Бұл жобалардың қатарында «Қазақша Википедиа», «Қазақстанның ашық кітапханасы» (www.Kitap.kz), «Creative Commons» ашық лицензияларын насихаттау, TED лекцияларын аудару мен Қазақстанда тарату және өзге де ғаламдық онлайн платформалар мен сервистерін қазақ тілінде еркін таратуға бағытталған жобалар бар.

"WikiBilim" қоғамдық қоры

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section