TEDxAstana конференциясы өтті

1 наурыз 2015 жылы Астана қаласында “How big is big” (Үлкен дегеніміз қаншалықты үлкен?) тақырыбында TEDxAstana конференциясы өткізілді. Осы форматтағы іс-шараның Астана қаласында алғаш рет болуы. Конференцияға келген 300-ден астам қонаққа Қазақстан мен шетелден келген 14 спикер құбылыстар мен өмірлік мысалдардың қаншалықты үлкен болатындығы жайында дәріс оқыды. Спикерлердің барлығы әртүрлі саланың өкілдері. Арасында ғалымдар, компания басшылары, өнер адамдары, оқушылар, дәрігерлер, мұғалімдер бар. Дәрістер қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде оқылды. Сонымен бірге үзілістер арасында өзара пікіралмасу мүмкіншілігі болды. Сондай-ақ конференция тақырыбына сай арт-жоба ұйымдастырылды. Аталған жоба күнделікті өміріміздегі ұғым мен ойды өлшем тұрғысынан ұсынды. Конференция тақырыбы кездейсоқ таңдалмады. Себебі әр адам үлкен деген сөзге әртүрлі мағына салады. Біреу үшін маңызды болып көрінген заттар, басқалар үшін кіші болып көрінеді. Бірақ үлкен құбылысқа айналу үшін қаншалықты үлкен болу керек. Сонымен бірге адам өмірін өзгерте алатындай оқиғаның шекарасы қайда екенін анықтау маңызды. Кейде көзге мардымсыз болып көрінетін әрекеттер үлкен құбылыстың басында тұруы да мүмкін.  

 

TEDxAstana конференциясында аурулар диагностикасын жасаудың ең арзан және жылдам тәсілі таныстырлыды. Дамель Мектепбаева осы жобаны NASA-ның зерттеушілерге арналған бағдарламасында ұсынған болатын. Бірақ бұған жету мақсатында үлкен арман болу керек. Сол арман үлкен жетістіктерге жетелейді. Медицина саласы тек инновациялардан ғана емес, сол салада сапалы білім беруге де сүйенеді. Массимо Пигнателли Қазақстанға жергілікті медициналық білім беру саласын реформалауға шақыртылған. Спикердің айтуы бойынша ХХІ ғасырда тек дәрігерлер ғана емес, науқастар да жаңаша ойлау білуі маңызды. Емделу барысына қатысты пікірлері өзгеруі басты рөлге ие. Сонымен бірге этнография саласында қызмет істеп жүрген Кендебай Қарабдаловтың да үлкен мақсатты көздеген. Қазақтың қыш өнерін қайта жаңғырту. Алайда ол талпыныс балалық кездегі кіші қадамдардан бастау алады. Бірақ та конференцияға келген кейбір спикерлер тікелей мағынасында үлкен заттарды басқарады. Атап айтсақ, Руслан Енсебаев үлкен деректермен (big data) айналысады. Көп көлемдегі деректерді жинақтап, оны адамдар өміріне пайдаланып үйрену де көп күшті қажет етеді. Сонымен қатар деректер көлемі жылдан-жылға артып келеді. 

“WikiBilim” қоғамдық қоры TEDxAstana конференциясының ресми әріптесі. 2012 жылы «WikiBilim» қоғамдық қоры мен TED бірлескен жоба бастады. Жобаның мақсаты TED конференцияларының үздік үлгілерін қазақ көрермендеріне таныстыру. Мақсат: алуан түрлі салалық озық технологиялар мен әдістерді түсіну, оларды күнделікті өмірде қолдануға шақыру арқылы  еліміздің дамуына серпін беру; жастардың бойында арманшыл, ойшыл, әрекетшіл қасиеттерді қалыптастыру. Осы себепті де “WikiBilim” TEDxAstana конференциясының әріптесі.

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section