Интернет желісінде қазақтілді мазмұнды дамыту және насихаттау семинары

17 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Достық үйінде «Интернеттегі қазақтілді мазмұнды дамыту және насихаттау» тақырыбында семинар өтті. Семинарды «WikiBilim» қоғамдық қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысымен ұйымдастырды. Семинар жұмысына жауапты мемлекеттік мекемелер өкілдері, сарапшылар, халықаралық және қазақстандық интернет-жобалардың жетекшілері, ғылыми орталықтар мен шығармашылық қауымдастық өкілдері қатысты. Мамандар интернетте мемлекеттік тілдің үлесін көбейту мен мазмұнның сапасын арттыру жөнінде ой бөлісті.

Read more...

"WikiBilim" Қазақстан атынан  Creative Commons саммитіне қатысты

15-17 қыркүйек күндері Польшаның астанасы Варшава қаласында The Creative Commons (CC) Global Summit 2011 конференциясы өтті. Аталған басқосу интернеттегі авторлық құқық мәселелерін, соның ішінде СС лицензиясының жаңа нұсқаларын талқылауға арналды. "WikiBilim” өкілдері аталған жиынға Қазақстан атынан қатысып, Creative Commons-тың Қазақстандағы өкілдігі және Creative Commons лицензияларын таратуға жауапты ұйым (Kazakh Affiliate Team) болуға келісті.

Read more...

Википедиадағы қазақша мақала саны 125 000-нан асты

«Википедиа» туралы

«Википедиа» - әлемдегіең танымал он интернет брендтің қатарында тұрған жалғыз қоғамдық үлгідегі веб-сайт. Бұл – ғаламтордың әлеуметтік қуатын айғақтаған алғашқы интеллектуалдық және коммерциялық емес жоба. BBC телекомпаниясы Википедианы «YouTube» және «Facebook»-пен қатар XXI ғасырдың ең танымал брендтерінің қатарына қосқан. Биылғы жылы «Википедиа» энциклопедиясын ЮНЕСКО-ның қорғауындағы мәдени мұра қатарына қосу туралы бастама көтерілді. Бұл ұсыныс ғаламторда қызу талқылануда. Ұсыныс қолдау тапса, «Википедиа» адамзат тарихындағы алғашқы сандық үлгідегі мәдени мұра болмақшы.

Read more...

«Википедиа және дипломатиялық инновациялар»

2012 жылдың 12-15 шілде аралығында АҚШ астанасы Вашингтон қаласында халықаралық «Викимания-2012» конференциясы өтті. Википедия төңірегіне топтасқан еріктілердің басын қосатын биылғы конференция АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды. 2003 жылдан бастап мемлекеттік департамет құрамында «электронды дипломатия кеңсесі» деп аталатын жаңа бөлімше жұмыс істейді. Оның міндеті – білім мен ақпарат таратудың тиімділігін арттыру негізінде халықаралық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздеу. Сонымен қатар мемлекеттік департамент құрамындағы бұл кеңсе дипломатия мен ақпараттық технологияларды ұштастыру негізінде қоғамдық дипломатияның инновациялық тетіктерін дамытады, осы мақсатта IT-технологиялар мен әлеуметтік желілерді қолдану мәселелерімен айналысады.

Read more...

«Түркі тілдес Википедиялар конференциясы»

2012 жылдың 20-21 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түркі тілдес елдер википедиашыларының конференциясы өтті. Шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Саха (Якутия) елдері вики-қауымдастықтарының, сонымен қатар «Wikimedia Foundation», «Creative Commons», «Open Software Foundation» секілді халықаралық қозғалыстар мен ұйымдардың және "Google” компаниясының өкілдері қатысты. 

 


 

Түркі тілдес елдер википедиашыларының конференциясы ҚР Үкіметінің қамқорлығымен жүзеге асып жатқан «Қазақша Википедиа» жобасының аясында өткізіліп отыр. Елдің премьер-министрі Кәрім Мәсімов конференция қатысушыларына жолдаған құттықтау сөзінде: «Рухани құндылықтарымыз бен мәдени мұраларымызды байытып, қазақтілді интернетті, бүкіл түркі тілдес википедианы дамытуда бұл конференцияның маңызы зор» деп атап көрсетті.

«Қазақша Википедиа» жобасының бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. Жоба аясында жарияланған вики-бәйге арқасында википедианың қазақ тілді тарауын дамытуға үлес қосатын ерікті редакторлар саны едәуір артып, мақалалар саны айтарлықтай өсті.

Конференция шеңберінде вики-бәйгенің аралық қорытындысы шығарылып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жеңімпаздар марапатталды. Вики-бәйгенің шартына сәйкес энциклопедия талаптарына сай 100 мақала жазған авторларға ноутбук тарту етілді.

Түркі тілдес википедиялардың конференциясын Қазақстанда өткізу идеясын ұсынған әйгілі онлайн энциклопедияның негізін қалаушы – Джимми Уэйлес. 2011 жылдың тамыз айында Израильдің Хайфа қаласында өткен ғаламдық «Wikimania-2011» вики-конференциясында Википедианың қазақша тарауын дамытуды мақсат еткен қазақстандық вики-қауымдастық тарапынан ұйымдастырылған «Қазақша википедиа» жобасы 2011 жылдың үздік жобасы деп танылды. Энциклопедиядағы түркі тілдес тарауларды дамыту үшін өзара тәжірибе алмасу мақсатымен арнайы конференция ұйымдастыру туралы ұсыныс сол кезде айтылған. 

Конференция барысында түркітілді Википедиаларды дамыту мәселесімен бірге, Creative Commons лицензияларын насихаттап тарату, сондай-ақ жеке тілдердегі контентті арттыру үшін «Google» платформасының мүмкіндіктерін пайдалану және аударма қызметіне жаңа тілдер қосу тақырыптары талқыланды. 

«Қазақша Википедиа» жобасы аясында қазақ тіліндегі мақалалар саны бір жыл ішінде 7 мыңнан 126 мыңға дейін өсті (жоба 2011 жылдың маусым айында қолға алынған). Мақала жазып, түзетулер енгізетін белсенді редакторлар саны 4 адамнан 230 адамға дейін көбейді. Ай сайын қаралатын беттер саны орта есеппен 200 мыңнан 5 млн.-ға дейін жетті. 

ҚР Үкіметінің қолдауымен «WikiBilim» Қоғамдық қоры қазақ тіліндегі контентті арттыруға бағытталған басқа да жобаларды іске асыруда. Атап айтқанда Creative Commons лицензияларына негізделген «Қазақстанның ашық кітапханасы» құрылу үстінде. Бұл кітапхана «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген барлық туындыларды қамтымақ. Сондай-ақ кітапхана аясында мектеп бағдарламаларындағы қазақ әдебиетінің және қазақ тіліне аударылған әлем әдебиетінің аудиохрестоматиялары көпшілікке жол тартады. Сонымен бірге кітапхана негізінде қазақ тілінің әмбебап сөздігі құрылмақшы.  

Google аударма сервисіне қазақ тілін енгізу туралы жобаға Google компаниясы техникалык көмек көрсетеді. Қазақ тілді контенттің дамуына үлес қосатын басқа да жобалар қарастырылуда. Мұның сыртында Google компаниясының техникалық қолдауымен Google-аударма қызметіне қазақ тілін қосу жобасы қолға алынбақ. 

Түркі тілдес елдер Википедиашылары конференциясының жұмысы қызығушылық танытқан көпшілік үшін ашық. Конференцияның онлайн трансляциясын www.pm.kzwww.baq.kzwww.wikibilim.kzwww.kazakh.ru. сайттарынан көруге болады. Сұрақ қоям деушілердің сауалдары  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  адресіне қабылданады. Конференция 20 сәуір күні (2012 жыл) сағат 1000-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Химия факультетінің үлкен залында ашылады.

  • «Қазақша Википедиа» жобасының қамқоршысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі;
  • «Қазақша Википедиа» жобасының бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ;
  • Конференцияны ұйымдастырушылар: «WikiBilim» Қоғамдық қоры, «Wikimedia Foundation» қоры, «Beeline» компаниясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
  • Қолдаушылар: «TURKSOY» Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы;
  • Ақпараттық қолдаушылар: Қазақстандық интернет қауымдастық, «Нұр Медиа» медиа-холдингі, «Қазақ радиосы», www.kazakh.ru Халықаралық қазақ сервері.

 

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section