Семинар аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қамқорлығымен жүзеге асырылып жатқан «WikiBilim» қоғамдық қорының бірқатар жобалары таныстырылды.

Атап айтсақ, Лоуренс Лессигтің «Еркін мәдениет» атты кітабының қазақша басылымының «тұсауы» кесілді. Кітап мәдениет пен шығармашылықты еркін тарату мақсатында интернеттегі авторлық құқық мәселелерін қайта қарастыруға арналған. Кітаптың қазақтілді басылымы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың алғы сөзі және автордың қазақ оқырманына арнауымен көпшілікке жол тартты. Бұл басылым Қазақстанда копирайттан тыс, еркін Creative Commons лицензияларының негізінде жарық көрген алғашқы кітап.

Сонымен қатар, «Қазақстанның ашық кітапханасы» (www.iKitap.kz) жобасының таныстырылымы болып өтті. Кітапханада Creative Commons лицензияларының негізінде жарық көрген үлкен кітап қоры, аудио- және видеофайлдар жинақталған. Оның негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында жарық көрген туындылар құрайды. Портал қазақстандық интернет үшін кітапты онлайн оқуға және оның  мәтінмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірегей қосымшасымен ерекше. Болашақта жоба кітап таратудың озық технологияларына сүйенген ауқымды электронды кітапханаға айналуы тиіс. 

Сондай-ақ, көпшілікке кез келген сайттың құрылымына жеке модуль ретінде құрылымдауға болатын қазақ тілінің әмбебап онлайн сөздігі таныстырылды. Сөздік қазақ тілінің үлкен әдеби сөздігінің негізінде жасалып, бүгінгі күннің өзіңде 120 мыңнан аса сөз бен сөз тіркесін қамтыған. Әмбебап сөздік сөздердің түсіндірмесін ғана беріп қоймай, лексикалық бірліктің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын, этимологиясы мен синонимдерін бере алады. Жоба қазақ тіліне қатысты барлық сөздіктердің «агрегаторы» ретінде ойластырылып құрастырылған.

Семинар шеңберінде заманауи интернет технологиялармен және онлайн журналистиканың негіздерімен танысқысы келетіндерге оқыту тренингтері ұйымдастырылды. Тренинг краудсорсинг, блог бастау және жүргізу, әлеуметтік желілерді пайдалану, интернеттегі авторлық құқық секілді тақырыптарды қамтыды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті

«WikiBilim» қоғамдық қоры

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section