Creative Commons деген не?

Creative Commons – шығармашылық пен білімді еркін пайдалануға және осы саладағы өзара алмасуды заңды түрде реттеуге мүмкіндік беретін құрал.

Creative Commons дәстүрлі авторлық құқыққа (Copyright) балама емес, ол "копирайт” шарттарын уақыт талабына сай икемге келтіріп, авторлардың шығармашылығын насихаттап, таратуға кең жол ашатын қосымша құрал.

Creative Commons – интернет арқылы ғылыми ізденісті ілгерлетудің, білімді дамытудың және мәдениетті өрістетудің жаңа құқықтық инфрақұрылымы.

Creative Commons қазақ мәдениетіне не бере алады?

Өкінішке орай, қазақ тіліндегі шығармашылық нарықтық ортаға бейімделген, коммерцииялық арнаға түскен, өз бетімен қарыштап дамып келе жатқан салаға жатпайды. Шығармашылығының жемісін сатып, пайдаға кенеліп жатқан авторлар шамалы. Тіліміздегі шығармашылықтың басым бөлігі мемлекеттің не басқа да демеушілердің көмегімен жарық көрген қоғамдық (әлеуметтік) жобалар. 

Авторлардың басым бөлігі осындай жолмен шыққан шығармаларының мейлінше кең қауымға еркін таралуына мүдделі. Қазіргі технологиялар кез-келген шығармашылық жемісін оңай таратуға жағдай жасайды. Алайды, авторлық құқық мәселсі осы бағыттағы көптеген игі бастамаға тұсау салады. Creative Commons авторлар мен шығармашылық мазмұнды тұтынушыларға осы мәселені оңай шешуге мүмкіндік береді.

Жақын уақытта осы тақырықа арналған қазақ тілді сайт іске қосылады. Creative Commons ұйымының ресми веб сайтын көру үшін мына сілтемеге өтіңіз: www.creativecommons.org.

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section