Мектеп бағдарламасындағы  қазақ әдебиеті пәнінің аудиохрестоматиясы

Техника мен технологияның дамуына байланысты адамдардың ақпарат тұтынуы мен дереккөзі жылдам өзгеріске түсуде. Ақпаратты аудио, видео, фото сияқты мәтіннен басқа форматтарда тарату қарқынды дамып жатқан бүгінгі күнде қағаз бетінен оқып алатын «кітаби мәдениеттің» орнын бірте-бірте ақпаратты тарату және қорыту жылдамдығы әлдеқайда тез «экрандық мәдениет» басып келеді.

Осы ақпараттық инновациялардан қалыс қалмаудың бастамасы ретінде WikiBilim қоғамдық қоры мектептегі қазақ әдебиеті пәнін оқыту бағдарламасындағы барлық авторлар мен олардың шығармаларын заман талабына сай аудионұсқада дайындап шығару жобасын бастады. Жоба Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ әдебиеті пәні бойынша бекіткен оқу бағдарламасында қамтылған авторлардың – 170-тен астам автордың 630-дан астам шығармасын қамтиды.

Жобаның мақсаты

  • Оқырмандарды қазақ әдебиеті классиктерінің еңбектерімен аудионұсқада таныстыру;
  • Мектеп оқушыларын тыңдап танысқан шығарма авторының басқа да туындыларымен жақынырақ танысуына мүмкіндік туғызып, оларды өз тіліндегі көркемсөздің, терең ойдың қайнарымен сусындату;
  • Мектеп мұғалімдеріне сабақ барысында ыңғайлы әрі пайдалы көмекші құрал дайындау;
  • Қазақ жастарының арасында ұлттық, патриоттық сезімді қалыптастыру және насихаттау;
  • Осы жобаның негізінде тың, жаңа идеялардың қалыптасуына септесу;
  • Көру мүмкіндігі әлсіз немесе зағип жандарға қолдау көрсету. 

Аудиохрестоматияға енген барлық шығарманың аудионұсқасы пайдаланушылар үшін тегін және ашық.

Жобаның жүзеге асырылуына “Алтын қыран” халықаралық қайырымдылық қоры демеушілік көрсетті. Қазіргі күнде 100-ге жуық шығарманың аудионұсқасы дайындалды.

Егер жобаның дамуына үлес қосқыңыз келсе, өз шығармаңызды немесе ұнатқан басқа шығарманы дауыстап жазып көріңіз (егер шығарманың авторын білсеңіз, жазып алуға көмектесіңіз). Жазылған материалды кітапхана қорына қосу мақсатында бізге жолдауыңызға болады.

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section