Google Translate

Google Translate 

Google аудармашы дегеніміз не?

Google аудармашы – 64 тілде автоматты аударма жасайтын тегін аударма қызметі. Google аудармашы қызметі арқылы Сіз сөз, сөйлем және тұтас веб-парақшаларды бір тілден екінші тілге еркін аудара аласыз; осы арқылы қайсыбір тілде жарияланған ақпарат Сіз үшін қолжетімді және пайдалы болмақ.

Google аудармашы қызметі қалай жұмыс істейді?

Google аудармашы аударма жасау барысында сізге сапалы аударма мәтінін беру үшін жүздеген миллион құжаттардан үлгілер іздей бастайды. Бұрын аударылған құжаттардан табылған үлгілердің СІЗ аударуға берген мәтінге сәйкестігін тексереді. Көлемді мәтіндердегі үлгілерді іздеу статистикалық машиналық аударма деп аталады. Компьютер арқылы жасалғандықтан аударма нәтижесінің барлығы сапалы болмайды. Қай тілде адамдар көбірек аударма жасап және аудармаларын Google аудармашының талдауына ұсынған болса, сол тілдегі машиналық аударма сапасы арта түседі. Аударма дәлдігінің әр тілде әртүрлі болуы осыдан келіп шығады.

Google аудармашыға қандай тілдер енгізілген?

Қазіргі кезде әлемдегі 64 тіл Google аудармашы жүйесіне енгізілді:

     
  • африкан
  • албан
  • араб
  • белорус
  • болгар
  • каталан
  • қытай (жеңілдетілген)
  • қытай (дәстүрлі)
  • хорват
  • чех  
 
           
  • дат
  • голланд
  • ағылшын
  • эстон
  • эсперанто
  • филиппин
  • фин
  • француз
  • галисиялық
  • неміс
  • грек
  • иврит
  • хинд
    
  • венгер
  • ислан
  • индонезиялық 
  • ирланд
  • итальян
  • жапон
  • корей
  • латыш
  • литва
  • македон
  • малай
  • мальта тілі
  • норвег
  • парсы
  • поляк
                         
  • португал
  • румын
  • орыс             
  • серб
  • словак
  • словен
  • испан
  • суахили
  • швед
  • тай
  • түрік
  • украин
  • вьетнам
  • валлий
  • идиш
                       
                   

Ағымдағы альфа-тілдер тізімі: 

       
  • армян
  • азербайджан
  • баск
  • гүржі                     
  • гуджарат
  • креоль (Гаити)
                
       
  • каннада
  • латын            
  • тамил
  • телугу
  • урду
          

Google аудармашы басқа да "альфа-тілдер" деп аталатын тілдерді сынақтан өткізуде. Мұндай тілдердегі аудармалар сапасы қолданыстағы тілдер аудармаларынан төмендеу болуы мүмкін.

Аударманың сапасын қалай жақсартуға болады?

Егер сіз дұрыстығы күмәнді аударма тапсаңыз, көп жағдайларда Google аудармашы басқа нұсқаларды ұсынады. Оларды көру үшін аударылған мәтінді басасыз. Егер осылардың ішінен сәйкес келетін балама аударманы көрсетсеңіз, Google аудармашы Сіздің таңдауыңызды жадында сақтап қалады. Осы арқылы Сіз оның жұмысын жақсарта түсесіз.

Аударма қызметін жетілдіруге қарапайым жолмен Аудармашы құралдарын қолдану немесе Сіздің аударма жадыңыздан жүктеу арқылы көмектесе аласыз.

Статистикалық машиналық аударма

Статистикалық машиналық аударма – тілдік жұптардың үлкен ауқымдағы аудармаларын салыстыруға негізделген машиналық аударманың бір түрі

Тілдік жұптар – белгілі бір тіл мен екінші бір тіл арасында аудармалары сәйкес келетін сөйлемдерді қамтитын мәтіндер. Бұл қостілді қатар тұтынатын адамның осы екі сөйлемді жазу нұсқасы, сондай-ақ адамдар жасаған аударма  да болуы мүмкін. 

Осылайша статистикалық машиналық аударма «өзін-өзі жетілдіру» қасиетіне ие.

Тілдік жұптар қаншалықты көп болса, соншалықты дәл аударма қалыптасады да, статистикалық машиналық аударма нәтижесінің сапасы артады.

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section