Creative Commons – шығармашылықпен айланысатын авторларға өз туындыларына қатысты құқықтарының бір бөлігін қоғамға беріп, қалған құқықтарды өзінде сақтап қалуға мүмкіндік беретін халықаралық лицензиялар топтамасы.

   

                

 

Creative Commons - 2001 жылы құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым.  Оның мақсаты – заңды түрде таратуға және пайдалануға болатын еркін шығармалар санын арттыру. Ұйым 2002 жылы «Creative Commons лицензиялары» атауымен бірнеше тегін лицензияларды жасап, жария етті. Аталған лицензиялар авторларға өздерінің авторлық құқықтарын оңтайлы басқаруға жол ашты. Атап айтқанда автор қандай құқықтардан бас тартқысы келетінін немесе қандай құқықтардың өзінде қалдырғысы келетінін көрсетуге мүмкіндік алды.

Бүгінгі таңда бұл лицензиялар кең таралып, оны мемлекеттік мекемелер (АҚШ, Ресей, Мексика және т.б. мемлекеттер президенттерінің сайты), білім беру орындары (Массачусетс технологиялық институты және т.б.), ақпараттық (Al-Jazeera телеарнасы) энциклопедиялық (Wikipedia энциклопедиясы), картографиялық (Wikimapia) сайттарымен қатар музыка (Jamendo) және фотосуреттер  (Flickr) сайттары, сонда-ақ әлемге  танымал YouTube секілді интернет-жобалар пайдалануда. Соңғы мәліметтер бойынша, осы күнде әлем бойынша 400 миллионнан астам туынды Creative Commons лицензиялары негізінде таралған.

Creative Commons шығарған лицензиялар әмбебап келеді, яғни ол лицензиялар белгілі бір мемлекеттің құқықтық жүйесіне тәуелді емес. Creative Commons лицензиялары дәстүрлі авторлық құқыққа қайшы келмейді және оған балама да емес. Алайда өзінің икемділігімен, ашықтығымен дәстүрлі авторлық құқыққа және копирайтқа бәсекелес болып келеді. Creative Commons лицензияларының құқықтық формуласын “барлық құқықтар қорғалған” (all rights reserved) қағидасынан ф“кейбір құқықтар қорғалған” (some rights reserved) қағидасына өту деп сипаттауға да болады.

Осыған орай Creative Commons ұйымы қызметінің негізгі бағытының бірі Creative Commons лицензияларын әлемнің түрлі елдерінің заңнамасына бейімдеу. Ол процесс көпсатылы келеді және әр елдің құқықтық жүйесінің ерекшеліктерімен байланысты болады. Қазіргі таңда бейімделу процесі жетпістен астам мемлекетте жүзеге асуда, соның ішінде жақын көршілеріміз Армения,  Әзербайжан, Грузия, Украина және Ресей бар. 

Лицензиялар авторлық құқық жөніндегі барлық халықаралық конвенциялардың терминологиясымен сәйкестендірілген (Әдеби және көркем туындыларды қорғау бойынша Берн конвенциясы және т.б.). Яғни Creative Commons лицензиялары осы сала бойынша ұлттық заңнаманы кеңейтіп, толықтырып, авторлар мен пайдаланушылар үшін барынша икемді ететін лицензиялар болып табылады. Creative Commons лицензияларын енгізу дәстүрлі авторлық құқықтарды жою емес оларды толықтыру (Мысалы, автор өзінің туындысының тез және тегін таралуын қалаған жағдайда оған берілер қосымша мүмкіндіктер) болып табылады.

Қазақстандық “WikiBilim” қоғамдық қоры Creative Commons ұйымымен арнайы келісімі бар, өкілдік қызметтер атқара алатын және СС лицензияларын Қазақстанда таратуға жауапты ұйым болып табылады. Осындай ұйым ретінде WikiBilim қоғамдық қоры интернеттегі қазақ тілді еркін контентті дамытуды көздейтін бірқатар жобаларды іске асыруда.       

Сreative Commons лицензиялары 

Төменде Creative Commons  лицензиясын қолдана отырып, шығармаңызды жарыққа шығару үшін таңдап алынатын лицензияның негізгі алты түрі берілген. Біз ең ыңғайлысынан бастап, шектеуі жоғары түрімен аяқталатын барлық лицензия түрін тізіп шықтық.  Әр автордың өз шығармашылық жұмысына шарттар тізбегін таңдау мүмкіндігі бар.

          Attribution - «Авторы көрсетілген» лицензия

Сіз өзге елдердегі тұтынушыларға шығарма авторын көрсетуді талап ете отырып, көшіруге, таратуға, орындауға, қайта өңдеуге рұқсат бере аласыз. Creative Commons лицензияларының барлығы дерлік осы сипатқа ие. 

 

                         Share Alike - «Копилефт» лицензиясы

Сіз шығармашылық жұмысыңызға негіздей отырып, тек Сіздің шығармаңыздың түпнұсқасы жарияланған лицензия арқылы тарататын болса ғана өзгелердің туындыңыздың қайта өңделген нұсқасын жасауына және шығарманы дамытуына рұқсат етесіз. 

 

          

Non-Commercial - «Коммерциялық емес» лицензия
Сіз басқаларға өз шығармаңызды коммерциялық емес мақсатта көшіруге, таратуға, орындауға, өзгерістер  енгізуге рұқсат бере аласыз. Егер олар Сіздің шығармаңызды коммерциялық мақсатта қолданғылары келген жағдайда, Сіздің рұқсатыңызды алуы тиіс.     

 

            No Derivative Works - «Өзгертуге тыйым салатын» лицензия
Сіз өзгертуге тыйым салынған шығармаңыздың өңделмеген нұсқа-үлгісін ғана өзгертуге тыйым салу арқылы көшіруге, таратуға, орындауға рұқсат ете аласыз. Егер өзгелер Сіздің шығармаңызды өзгертуге, өңдеуге, дамытуға ықылас білдірсе, Сіздің рұқсатыңызды алуы керек.   

 

         

Attribution - «Авторы көрсетілген» лицензия

Бұл лицензия түрі өзгелерге Сіздің авторлығыңызды көрсете отырып, туынды үшін шығармаңызды негізге алып, тіпті коммерциялық негізде таратуға, өңдеуге, түзетуге мүмкіндік береді. Бұл лицензия берілген лицензиялар арасындағы ең ыңғайлысы. Лицензияланған материалдарды кеңінен таратуда және қолдануда ұсынылады.

Лицензия шарттарымен танысу | Лицензия мәтінімен танысу     

     
   

Attribution Share Alike - «Копилефт» шарты арқылы тарату»

Лицензия өзгелерге Сіздің авторлығыңызды көрсетіп, шығармаларыңыздың негізінде өздерінің жаңа туындыларын сол шарттар арқылы лицензиялап отырғанға дейін коммерциялық мақсатта қолдануға, өңдеуге, түзетуге мүмкіндік береді. Бұл лицензия көбіне «копилефтпен» салыстырылады. Сіздің шығармаңызға негізделген барлық жаңа туындылар Сіздің шығармаңыз лицензияланған шарттарға сәйкес лицензиялануы тиіс, сонымен қатар кез келген туындыны коммерциялық мақсатта қолдануға рұқсат етіледі. Бұл лицензияны Википедиа қолданады және Википедиа мәліметтеріне және басқа да лицензияланған жобаларға ұқсас мәліметтерге пайдалануда ұсынылады.

Лицензия шарттарымен танысу | Лицензия мәтінімен танысу

     
   

Attribution No Derivatives - «Авторлығы көрсетілген - Өңделмеген» лицензия

Бұл лицензия өзгелердің Сіздің шығармаңызды еш өзгертусіз, өз қалпын сақтап және Сіздің авторлығыңызды көрсету шартымен ғана таратуына, коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсатта қолдануына мүмкіндік береді.

Лицензия шарттарымен танысу | Лицензия мәтінімен танысу

     
   

Attribution Non-Commercial - «Авторлығы көрсетілген – Коммерциялық емес» лицензия

Бұл лицензия Сіздің шығармаңызды туынды үшін негізге ала отырып, өзгелердің коммерциялық емес мақсатта қайта өңдеуіне, түзетуіне мүмкіндік береді. Жаңа шығармалар Сіздің авторлығыңызды көрсету арқылы жарық көріп, коммерциялық емес негізде таратылуы қажет, дегенмен туындыларды осы шарттар арқылы лицензиялау міндетті болып саналмайды. 

Лицензия шарттарымен танысу | Лицензия мәтінімен танысу

     
   

Attribution Non-Commercial Share Alike - «Авторы көрсетілген – Коммерциялық емес – Копилефт» лицензия

Бұл лицензия өзгелердің Сіздің авторлығыңызды көрсетіп, өздерінің жаңа туындыларын осы шарт бойынша лицензиялау шартымен, Сіздің шығармаңызды туынды үшін негізге ала отырып коммерциялық емес мақсатта қолдануына, өңдеуіне, түзетуіне мүмкіндік береді.

Лицензия шарттарымен танысу | Лицензия мәтінімен танысу

     
   

Attribution Non-Commercial No Derivatives - «Авторы көрсетілген – Коммерциялық емес – Өңделмеген»

Бұл лицензия – өзгелердің шығармаңыздың авторлығын көрсету шартымен тек жүктеуіне, басқалармен айырбас жасауына болатын, алайда Сіздің шығармаңызды өзгертуіне немесе коммерциялық мақсатта қолдануына мүмкіндік бермейтін басты алты лицензия ішіндегі ең тыйымы көп лицензия түрі.

Лицензия шарттарымен танысу | Лицензия мәтінімен танысу

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section