TED Конференциясы

TED (Technology Entertainment Design дегеннің ағылшынша аббревиатурасы) – бірегей идеяларды таратуды мақсат тұтқан, жыл сайын конференциялар ұйымдастырумен айналысатын халықаралық коммерциялық емес ұйым. Оның тарихы 1984 жылдан бастау алады. Бастапқыда Технологиялар, Сауық және Дизайн саласының мамандарын бір ортаға жинау мақсатында құрылған. Одан бері ауқымы да кеңейді. 

TED конференциясы жыл сайын екі рет: АҚШ-тың Лонг Бич/Палм Спрингс деген жерінде және Шотландияның астанасы Эдинбург қаласында өтеді. Аталған конференцияларда әлемнің үздік ойшылдарын жинап, өздерінің ең маңызды ойларын ортаға салуға мүмкіндік береді (18 минут). TED-те алғаш рет жаңа ғана шығарылған Macintosh компьютерінің, Sony компаниясының әлемдегі тұңғыш компакт-дискісінің таныстырылымы өткен.

Конференцияда және басқа да тәуелсіз TED шараларында айтылған үздік идеялар мен сөйлеушілердің видеосы ted.comс сайтына орналастырылады. Бүгінгі күні мұнда ағылшын тілінде және кейбірі басқа тілдегі субтитрлермен берілген 1400-ден астам видео қоры жиналған және апта сайын толықтырылып отырылады. Барлық видео Creative Commons BY-NC-ND лицензиясының аясында жарияланғандықтан, оны еркін бөлісуге және таратуға болады. 

TED миссиясы – идея тарату, идея аясында тегін білім тарататын, ойшылдар ойынан шабыт алатын бір-біріне жақын қауымдастық құру. Идея адамның құлқын, өмірін өзгерту арқылы әлемді өзгерте алады.  Сайт 2007 жылы іске қосылды. 2012 жылдың қараша айында видеолардың қаралу көрсеткіші миллиардтан асты.

Көктемде Long Beach TED конференциясы өтеді. Конференцияның мазмұны ғылым, бизнес, өнер, денсаулық саласына және әлемнің өзекті проблемаларына арналады. Төрт күн бойы 50 спикер әрқайсысы 18 минуттан сөз алып, ойларын ортаға салады. Қатысушылар топқа бөлінбейді, барлығы да ортақ тәжірибемен бөліседі.  Сырт қарағанда бұл мүмкін болмастай көрінсе де, барлық білім өзара байланыста болғандықтан, іс жүзінде жүзеге асуда.

TED Ашық аударма жобасы. TED идеялары  негізінен ағылшын тілінде, басқа тілдерге субтитр арқылы таралады. Оны сол тілдерде сөйлейтін еріктілер аударып, жүйеге енгізеді. Жоба 200 еріктінің 40 тілде дайындаған 300 аудармасынан басталды. Қазір бұл көрсеткіш 32 000 аудармаға жетті.

TED қалыптасқан ғаламдық қауымдастық ретінде бүгінгі күнде әлемді тереңірек түсінуге ұмтылған әртүрлі саланың, әртүрлі мәдениет өкілдерін ортаға қосылуға шақырады. 

2012 жылы «WikiBilim» қоғамдық қоры мен TED бірлескен жоба бастады.  Жобаның мақсаты TED конференцияларының үздік үлгілерін қазақ көрермендеріне таныстыру. Мақсат: алуан түрлі салалық озық технологиялар мен әдістерді түсіну, оларды күнделікті өмірде қолдануға шақыру арқылы  еліміздің дамуына серпін беру; жастардың бойында арманшыл, ойшыл, әрекетшіл қасиеттерді қалыптастыру.

TED лекциялары Білім телеарнасында  2012 жылдың 3 желтоқсанынан бастап көрсетіле бастады. Сіз де қалыс қалмаңыз, ортаға қосылыңыз.

Find us on:

Хабар алып тұрыңыз!

Қолдаушылар

Client Section