Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік
«Әлихан Бөкейханұлы» балеті - өнердегі ғажап  құбылыс»

         “Әлихан Бөкейханұлы” балеті, шын мәніндегі, өнердегі ғажап құбылыс деп бағалар едім. Әрі орынды айтылған сөз. Алаш қозғалысының екінші синонимдік аты – ұлт-азаттық қозғалысы десек, ол  қозғалыс қазақ халқының шынайы өмірінде орын алған драма. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр уақыт болып қалды. Бұл – аз уақыт емес.  Алаш  қозғалысын, сол тарихи трагедияны  ғылым тілімен, көркем әдебиет тілімен, өнер тілімен (кино, опера, балет) қазақ қауымына жеткізу, өкінішке қарай, өз дәрежесінде жүргізіліп жатқан жоқ. Ол процес мардымды дей алмаймыз.  Осы себептен де, Орынгүлдің осы тақырыпқа баруы – көңілдегі бір үлкен сезімді оятты.  Мұны өте ғажап қадам деп білемін. Оның Алаш қозғалысын, Әлиханның жеке өмірін балет тіліне аударуға тырысуы сөзсіз  сәтті қадам. Әрине, жан-жақты жетілген, кемшіліксіз туынды емес. Бірақ, кемшіліктердің болуы – табиғи нәрсе. Өз басым, жас өнер адамдарының осы  тақырыпты жоғары дәрежеде игеріп, жас ұрпаққа көркем тілмен  жеткізе алатынына сендім.  Орынгүлдің әрекеті көкейімде осындай сенім тудырды". 

Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Қаралым: 2139
0
АБАЙДАН АҚСЕЛЕУГЕ ДЕЙІН… (Бір кітаптың ізімен)

Кітап – қойма. Ішінде қанша байлық  жатады.  Кітап – құпия. Ішінде қанша сыр жатады.  Керек десеңіз, кітаптың әр  данасының өз тарихы, өз тағдыры бар. Оның тағдырына тереңдеу арқылы көпшілікке беймәлім болып келген тарихтың тылсым беттерін ашуыңыз мүмкін. Сондай тылсымға мен де кезіккен  секілдімін.

Халқымыздың білімдар ұлы Ақселеу Сейдімбек бірде журналист Қасым Аманжолұлының  «Шынның жүзі» бағдарламасына қонақ болды. Сөз арасында ол  Дрэпердің «История умственного  развития Европы» кітабы туралы сөз қозғады.  Бәлкім, ғалымның бұл сөзіне мән бермеуге болар ма еді, бірақ, ол мән бермеуге болмайтын, тіпті, бұдан кейін есіңнен шықпайтын деректер айтты. Соның бірі –  бұл  кітапты Абайдың өзі оқығандығы, одан кейін Мұхтар Әуезов пен Ісләм Жарылғаповтың қолында болғандығы туралы мәлімет. 

Қаралым: 4084
0
ШАФЕРДІҢ ҮЙІНЕН ШЫҚҚАН ДАУЫСТАР

Ол туралы осы күнге дейін естімеппін.  Бүтін ғұмырынан үлгі алуға тұрарлық сол тұлға туралы білмейтінім үшін ұялдым.  Соның орнын толтыру үшін біраз іздендім.
Өзін көріп, жолықпасам да,  беріп жіберген сыйлығы – қолымда. Ол Қазақстанның ашық кітапханасына теңдессіз сый тарту етті.  Сол үшін-ақ ол кісіге сөз арнағым келді. 

Ол - Наум Григорьиевич Шафер.  Белгілі әдебиеттанушы, музыкатанушы, композитор әрі даңқты коллекционер.

Наум Григорьиевич біздің қорымызға   қазақ әнінің бұлбұлы, тұңғыш кәсіби әнші Күләш Байсейітованың  бүгінгі күні мұражайлар мен мұрағаттардан да табылмайтын әндерін берді. Одан бөлек, қазақ жерінде жасалған ең алғашқы грампластинкалардың  көшірмесін өткізді. Бұл таспалардың ерекшелігі һәм құндылығы – олардың тек Шафердің ғана қолында сақталып қалғаны...  Бұл туралы кейінірек, ал қазір Шафер жайында.

Қаралым: 2624
0