Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік
1
Қағаз кітапқа еш нәрсені айырбастай алмаймын. Дегенмен электронды кітаптың мүмкіншіліктеріне ештеңе жетпейді. Екеуін де қолданамын. Қайсысы әсерлірек, жанға жақын десеңіз, қағаз кітап дер едім. Сіз не дейсіз?
Қосымша:

Қандай кітап оқыған ыңғайлы?

  • Дауыс - 20
  • Дауыс - 10
Жауап (10)
  • Жауап қабылданды

    Дүйсенбі, Наурыз 17 2014, 09:12 AM - #тұрақты сілтеме
    2
    Электронды кітаптың мүмкіндіктері мол екені рас, оған толықтай келісемін. Қалаған уақытыңда, тіпті қалаған жеріңде ашып, оқи беруіңе болады. Бірақ қанша дегенмен, мен қағаз кітаптарды көбірек оқуға тырысамын. Планшетке немесе ұялы телефонға үңіліп отырғаннан да, кітап бетін парақтап ашып оқығанға не жетсін! Қағаз кітаптың маған берер әсері көп!
    Бұл жауап қайырулы Show
  • Жауап қабылданды

    Дүйсенбі, Наурыз 17 2014, 09:22 AM - #тұрақты сілтеме
    1
    Электронды кітаптың мүмкіншіліктеріне ештеңе жетпегенімен, мен үшін қағаз кітапты парақтап оқыған әсерлірек. Роберт Кийосакидің электронды кітабын оқып бастап едім, өкінішке орай сол күйі аяқтай алмадым. Компьютерден немесе ұялы телефоннан кітап оқысам көзім де ауырады. :) Сол себепті қағаз кітаптың керекті жерлерін қарындашпен бояп отырып оқудан керемет әсер аламын.
    Бұл жауап қайырулы Show
  • Жауап қабылданды

    Сейсенбі, Наурыз 18 2014, 07:01 AM - #тұрақты сілтеме
    2
    Менің өз басым қағаз кітапты құп көремін. Әрине электронды кітаптардың артықшылығы көбірек. Бірақ ол көз жанарыма кері әсерін тигізетінің жасыра алмаймын. Сондай-ақ өзім іздеген кейбір авторлардың шығармаларын электронды нұсқада таба алмайтыным және бар. Сондықтан кітапты арнайы барып сатып алып, қолға алып оқығаңды жақсы көремін. Қағаз кітаптардың бір артықшылығы болашақ ұрпақтар үшін артында өшпес мұраның бірі болып қала береді. Олар ескерімейді керісінше әдемі сөреге әдемілеп жинап қойсаңыз, көрген сайын оқуға деген шабытыңыз ашыла түседі.
    Бұл жауап қайырулы Show
  • Жауап қабылданды

    Дүйсенбі, Сәуір 07 2014, 08:06 AM - #тұрақты сілтеме
    3
    Электронды кітаптың қараңғыда да, күндіз де жарық шашатын түрі көзге зиян. "Kindle" - жарық сәуле шығармайтын, қара сиямен жазылған газет секілді е-кітап. Бір кемшілігі - қараңғы түссе оқи алмайсыз, бірақ қараңғыда қағазға басылған кітап та оқылмайды.
    Бұл жауап қайырулы Show
  • Жауап қабылданды

    Дүйсенбі, Сәуір 14 2014, 12:54 PM - #тұрақты сілтеме
    2
    Мен үшін электронды кітапты оқығаным артық... Себебі, біріншіден, жолға шықсам онсыз толған жүгім бар сөмкемде том том кітапты орналастыру әрі оны арқалап жүру ауыр, одан да қалаған кітабымды ғаламтордан жазып аламын немесе өзім сканерлеп, дайындап аламын. Екіншіден, маған әрбір кітаптың негізгі жерлері бойынша жазбалар қалдырып отыру керек, ол үшін тағы бір дәптер мен қалам салып жүру керек, ыңғайсыз, тағы да орын алады. Үшіншіден, қызметім ескі кітап, қолжазбалармен байланысты болса да қағаз шаңына аллергиям бар, көзім жасаурап жөтелемін, түшкіремін. Төртіншіден, жатар алдында он шақты бет кітап оқып жатайын десең қараңғы, ұйықтап жатқан адамдарды мазалауға қорқасын. Бесіншіден, білмеген, түсінбеген жеріңді, құдайға шүкір заманымыз дамып жатыр ғой, әрқашан ғаламтордан қарап, оқып алуға болады. Алтыншыдан, оқимын деген адам қағаздан да тастан да оқи береді, таластарыңыз далбаса! Жетіншіден, электронды кітапты тезірек оқып тастайсың, тек оған дағдылану керек. Осы жасқа келгенше кітапты қалтафоннның түр-түрімен де, плеермен де, коммуникатор, компьютермен де, арнайы кітап оқығыштармен де оқыдым. Айпадпен бапяндама оқыған кездер де болған. Бәрін ескере келе, өзімнің ыңғайым үшін, заманың қалай болса бөркімді солай ки демекші, экраны дәптер бетіндей, қаламы бар, ғаламторға жалғанатын, керек десең телефон, керек десең компьютер бола қалатын галакси ноутты да сатып алдым. Рахат, аллергиям қозбайды, жазатынымды қолжазба қылып жаза беремін, қажетті құжатты фотоға түсіріп аламын, есесіне кітап оқитын режимге көмескі жарықты ыңғайлап, аккумуляторым шиқылдағанша оқи беремін. Дегенмен, қолжазба, баспа кітаптардың заманы әлі өте қойған жоқ. Қағаз кітаптарды жинауды азайтсам да, мүлдем тоқтатқан жоқпын!
    Бұл жауап қайырулы Show
  • Жауап қабылданды

    Бейсенбі, Наурыз 26 2015, 06:24 AM - #тұрақты сілтеме
    0
    Маған қағаз кітап ұнайды. Бір жылдары электронды кітап та оқығанмын. Сол заттың қазір қозғалмай үйде жатқанына біраз жыл болды. Электронды кітаптың жол жүргенде ыңғайлырақ екеніне келісемін. Бірақ қағаз кітаптың орны бөлек! Бұған қоса мен кітаптың өзімдікі болғанын қалаймын. Дүкендерден табыла бермейтін сирек кітаптарды таныстарымнан алып оқығаным болмаса көбінде кітапты сатып алып оқығанды ұнатамын. Өйткені үйде сөреде тұрған кітапты анда-санда қайта қарап шыққанды ұнатамын. Әрі сөреде қаз қатар жиналып тұрған кітап оның қорын көбейтуге құлшынысыңды арттыруға көмектесетін сияқты.
    Бұл жауап қайырулы Show
  • Жауап қабылданды

    Бейсенбі, Наурыз 26 2015, 02:13 PM - #тұрақты сілтеме
    2
    Әрине, электрондық кітапты оқығанды жөн көремін. Әр апта сайын жаңа кітап алуға қаржы бола бермейді. Ал, электрондық кітапты интернеттен 2 минут ішінде тауып аласыз. Әр адамның оқуы тиіс әдебиет қатарында орын алатын Виктор Гюгоның Отверженные шығармасын мысалға алайын. Кітап сататын дүкендерде оның бағасы 5 мың теңгеден асады. Қазіргі уақытта кіапханаға баратын да уақыттың жоқтығы бәріне мәлім. Сол себептен мен сияқты 3 тілде кітап оқитын оқырман үшін Электрондық кітап таптырмас қазына!!!
    Бұл жауап қайырулы Show
  • Жауап қабылданды

    Дүйсенбі, Сәуір 06 2015, 06:05 PM - #тұрақты сілтеме
    0
    Қағаз кітаптың берері көп деп есептеймін.
    Бұл жауап қайырулы Show
  • Жауап қабылданды

    Жексенбі, Сәуір 12 2015, 07:09 PM - #тұрақты сілтеме
    0
    Мен электронды кітаптарды көбірек ұнатамын, өйткені ыңғайлы, көп жер алмайды, және қалаған кітапты оқуға болады. Сондықтан электронды кітапқа дауыс бердім:)
    Бұл жауап қайырулы Show
  • Жауап қабылданды

    Сенбі, Қыркүйек 30 2017, 02:26 PM - #тұрақты сілтеме
    0
    :)
    Қосымша:
    Бұл жауап қайырулы Show
Сіздің жауабыңыз