Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік
Анар Фазылжанова, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары: ҮШТІЛДІЛІК ҰЛТТЫҚ МҮДДЕГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС

Кадр дайындау қызметі әлсіреп кетті

- Анар апай, өзіңіз жұмыс істейтін Тіл білімі институтының жағдайын білгіміз келеді. Институттың тұрмыс-тіршілігі жайында баяндап берсеңіз.

- Ең алдымен қазақ тілін зерттейтін әлемдегі жалғыз институт – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты туралы айтқан кезде ойға келетін мәселе – жұртшылықтың қазақ тілі мен қазақ тіл білімі деген екі ұғымын шатастыруынан туындайтын Институтқа қатысты уәжсіз үміттері. Шынын айтқан кезде, бүгінгі күнге дейін көп еститін сынымыз біреу бір қалада қазақша дұрыс сөйлемесе немесе бір жарнама қазақша дұрыс жазылмаса, «Тіл білімі институты қайда қарап отыр» дегенге саятынымен байланысты. Осы тұста жалпы жұртшылықтың қазақ тілі мен қазақ тіл білімі деген екі үлкен ұғымды шатастырып алғаны байқалады. Жарайды, қарапайым халық үшін бұл кешірімді қателік, ал ресми мекеме, журналистер, жазушыларымыз Тіл білімі институтына қатысты осындай орынсыз кінә таққан кезде ойланып қаласың. Сондықтан Тіл білімі институты қызметінің негізгі мақсатын түсіндіріп кеткен артық болмас. Қазақ тіл ғылымы деген түркітану саласындағы үлкен бағыт.

Қаралым: 4333
0
НҰРЛАН АБДРАХМАН: Музыкалық аспап шебері болу үшін ең бастысы шыдамдылық керек

Ассалаумағалейкум, Нұрлан аға! Сіздің еліміздің барлық өңірлеріндегі оркестрлер мен ансамбльдерге, кәсіби орындаушыларға арнап домбыра, шертер, қобыз, жетіген сияқты көптеген ұлттық саз аспаптарын жасап жүргендігіңізді білеміз. Осыншама аспаптың түрін жасауды қайдан үйрендіңіз және саз аспабын жасаушы шебер болу үшін ең қажетті деп қандай қабілеттерді атар едіңіз?

Уағалейкүм ассалам. Ұлттық музыка аспаптарын жасаудың қыр-сырын меңгеруде менің әкем Тұрдыбаев Абдолланың орны ерекше болды. Ол кісі саз аспаптарының шебері ретіндегі еңбек жолын 1970-1973 жылдар аралығында Орталық конструкторлық бюроның саз аспаптарын зерттеу бөлімінен бастайды. 1973-1980 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясына ауысып, сол мекемеде саз аспаптарын зерттеу зертханасында еңбек етеді. 1980-1986 жылдары Күләш Байсейітова атындағы дарынды балалар музыкалық мектебінде саз аспаптарының шебері болып істейді. 1986 жыдан бастап зейнетке шыққанға дейін Құрманғазы атындағы Академиялық ұлт аспаптары оркестрінде саз аспаптарының шебері қызметінде жемісті еңбек атқарды. Шеберлікті әкеден балаға мұра болып қалған өнер деп қарастыруға болады. Онымен шектелмей, мен өз біліктілігімді арнайы оқу орындарында шыңдадым. 1972 жылы  №46 кәсіптік-техникалық училищесін саз аспаптарын жасаудың шебері мамандығы бойынша үздік бітіргеннен кейін, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясында бас домбыра мамандығын игердім. Әрі музыкалық аспапты орындаушы, әрі жасаушы шебер ретінде ұзақ жылдар «Отырар сазы» және Құрманғазы атындағы Академиялық ұлт аспаптары оркестрінде қызмет еттім. Осынау жылдар ішінде аспап жасаудың қыр-сырын меңгерумен бірге оны жетілдіру, жасау технологиясын дамыту бағытында талай тәжірибе мен зерттеу жүргізгенім де бар. Осылайша кәсіби шебер атандық. 

Қаралым: 2144
0
КІТАП ФЕСТИВАЛІНЕ КЕЛІҢІЗДЕР!

Өткен жылдан бастап Алматы қаласында маңызды мәдени шараларының бірі «Kitap Fest» фестивалі ұйымдастырылып келеді. Фестивальдің мақсаты – кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру. 

2014 жылы алғашқы фестиваль аясында қонақтар қазақстандық авторлардың кітаптарын 15 пайызды жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге, фестиваль қатысушылары қазақстандық белгілі ақын-жазушылармен кездескен болатын. 

Аталмыш фестиваль дәстүрлі түрде осы жылы да ұйымдастырылмақ. Ұйымдастырушылардың берген ресми ақпаратын төменде келтіріп отырмыз. 

Қаралым: 2006
0
ТІЛ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ

ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың ғасыры екені баршамызға мәлім. Интернеттің пайда болуымен адамзат индустриалды кезеңді артқа тастап, ақпараттық немесе сандық деп аталатын мүлдем жаңа дәуірге қадам басты. Жаңа дәуірдің өзіне сай заңдылықтары, мүмкіндіктері және қауіп-қатерлері бар. Біздің замандастарымыз ескі заман мен жаңа заманның тоғысқан шағының куәгерлері болғандықтан, қоғамдағы өзгерістерді, трансформацияны айқын сезеді.

Қолданысымыздағы жаңа сөздер, пайда болып жатқан жаңа қызметтік лауазымдар аталмыш трансформацияның жаршысы істпетті. Әрбір мекемеде IT-ға, яғни ақпараттық технологияға жауапты бөлім немесе кемінде бір маман бар. 2009 жылы АҚШ Президенті Барак Обама Chief Technology Officer – жаңа технологиялар жөніндегі кеңесші лауазымын бекіткен болатын. Технологиялар жөніндегі кеңесшінің міндеті – АҚШ Президентіне жаңа технологиялардың қоғам, мемлекет қауіпсіздігі және тағы басқа салаларға әсері жайында ақпарат беріп отыру. Сондай-ақ көптеген мемлекеттік және коммерциялық компания­ларда аналогтан сандық техноло­гияларға көшуге көмектесетін Chief Digital Officer жаңа лауазымы пайда болды. Ал бұл жаңа технологиялардың мемлекеттік басқаруда, бизнесте, ғылымда маңызды рөл атқаратынын және оның жыл өткен сайын тек арта түсетінін көрсетсе керек. 

Қаралым: 2735
0
Асхат Еркімбай, блогшы, "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медианы зерттеу тобының басшысы: TEDxASTANA МАҚСАТЫ - ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨРСЕТУ

Асхат Еркімбай – “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медиаларды зерттеу тобының басшысы, Сүлеймен Демирель университетінде журналистика және бұқаралық медиа кафедрасында оқытушы. Эдмунд Маск бағдарламасының түлегі, TED Open Translation Project жобасының белсендісі.

2014 жылдың 1 наурыз күні Астана қаласында “How big is big” тақырыбы аясында TEDxAstana конференциясы ұйымдастырылады. Өздеріңіз білетіндей, “WikiBilim” қоғамдық қоры TED конференциясының Қазақстандағы ресми өкілі, әрі TED лекцияларын Қазақстанда таратуға жауапты бірден-бір ұйым. Біздің қорымыз TEDxAstana конференциясының серіктесі. Ғаламдық TEDx форматына негізделген іс-шарада ғылым, технология, дизайн саласының майталман мамандары көпшілікке өз идеяларын ұсынады. Конференцияның негізгі ұстанымы – таратуға тұрарлық идеяларды жұртшылыққа түсінікті тілде жеткізу. Айта кетерлігі, TEDxAstana конференцияның бірқатар қатысушылары  қазақ тілінде сөз сөйлемек. Осы ретте конференция ұйымдастырушылары қатарына кіретін Асхат Еркімбаймен аудио подкаст жасауды жөн көрдік.

 

Қаралым: 2326
0